Бұған бір АҚШ сарбазының мас күйінде көлік айдап, жергілікті тұрғынды қағып, мерт қылуы себепші. Қазір заң бұзған әскери қамауға алынды. Окинавадағы Құрама Штаттар базасында Пентагонның 26 мыңдай жауынгері мен офицері шоғырланған. Сол сарбаздардың бір тобы 1995 жылы 12 жастағы қызды зорлады. Ал, былтыр осында бір әскери қызметкер жапондық әйелді өлтірді. Сондықтан, арал халқы америкалық контингенттің елден түгел кетіп, базаның жабылуын талап етіп отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ