АҚШ соты өткен айда Нью-Йоркте 8 адамды көлігімен қасақана қағып, мерт қылған өзбекстандық мигрант Сейфулло Сайыповқа айып тақты. Ол кісі өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, «ДАИШ»-қа материалдық қолдау көрсету және автокөлікті қирату арқылы адам өліміне әкелу пункттері бойынша айыпталып отыр.
Сайыпов бұл шабуылды қазанның 31-де жасап, сол күні полиция атқан оқтан жараланып, тұтқындалды. Ол Нью-Йорктің Манхэттен ауданында веложолаққа көлігімен шығып кетіп, адамдарды әдейі соққан. Шабуылшының әрекетінен құрбан болған 8 адамның бесеуі - аргентиналық, біреуі - бельгиялық және екеуі - америкалық.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ