Сальвадорда тәркіленген 1300-ге жуық қару жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сальвадорда тәркіленген 1300-ге жуық қару жойылды

23.11.2017

Оларды жергілікті әскерилер темір өнімдерін шығаратын жекеменшік компанияға жеткізді. Мұнда олар балқытылуы тиіс. Мұның бәрі Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық азаматтық полиция бұйрығымен жасалып отыр.

Балқыту қаруды жоюдың ең қауіпсіз әдісі екен. Зауытқа сақтық мақсатында өрт сөндірушілер де тартылды. 

Полицияның деректері бойынша, жиналған арсенал бұрын заңсыз пайдаланылып келген. Олар тәркіленгеннен кейін үкімет қару тасымалдау ережелерін қатаң бақылайтынын мәлімдеді.   

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу