«Siemens» компаниясының жұмысшылары қарсылық акциясын ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Siemens» компаниясының жұмысшылары қарсылық акциясын ұйымдастырды

24.11.2017

«Siemens» компаниясының мыңдаған жұмысшысы Берлин көшелеріне шығып, жұмыс орындарын қысқартуға қарсылық білдірді. Өткен аптада мекеме басшылары әлем бойынша жұмысшылар санын 2 пайызға, яғни, 6 мың 900-ге жуық орынды қысқартатынын мәлім еткен. Олардың жартысы Германияда қысқартылады екен.

Демонстранттар компанияның жылсайынғы есеп беру жиналысы өтіп жатқан Нойкельн ауданындағы қонақ үйдің алдына жиналды. «Siemens» өкілдері жұмысшыларды келіссөздерге шақырып, бірақ қалай болған жағдайда жұмыс орындарын қысқартуға мәжбүр екендіктерін жеткізді.  

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ  

Хабарламаларға жазылу