«Ғалам аруы-2017» жеңіпазы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ғалам аруы-2017» жеңіпазы анықталды

27.11.2017

2017 жылдың «Ғалам аруы» атағы оңтүстікафрикалық Деми-Ли Нел-Питерске бұйырды. 22-жастағы сұлу ақ алтын, жақұт тастармен көмкерілген тәж киді. Байқау мәресі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен. Оған 89 елден барған арулар қатысты. Сұлулар сайысында Қазақстаннан 19 жастағы «Алматы аруы» Камила Асилова бағын сынады. Ол - хореография мамандығы бойынша республикалық эстрада және цирк колледжін тәмамдаған. Камила «Ғалам аруларының» «Топ-16» тізіміне енген жоқ.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу