Бұл ақпаратты алғаш болып Оңтүстік Корея билігі жария етті. АҚШ пен Жапония мұны растап отыр. Пентагонның мәліметінше, зымыран мың шақырымдай ұшып өтіп, Жапон теңізіне барып құлаған. Ал, оңтүстіккореялықтардың дерегінше, аппарат 4500 метр биіктікке көтерілген. Ракета көкте 50 минуттай қалықтап, Жапонияның Аомори префектурасынан 210 шақырым жерде құлады. Бұған дейінгі сынақты Пхеньян қыркүйектің ортасында өткізді. Сол кезде Солтүстік Корея сутегі бомбасын жасап шығарғанын мәлімдеген еді. Дегенмен, елдің термоядролық қаруы барына мамандардың күмәні көп.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ