Австралияның Виктория штаты өлуге көмектесу туралы заң қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияның Виктория штаты өлуге көмектесу туралы заң қабылдады

29.11.2017

Австралияның Виктория штаты айықпайтын ауруға шалдыққан адамның өлуіне көмектесу  туралы заң қабылдады. Бұл жоба парламентте 100 сағат бойы талқыға салынып, дау туғызып ақыры бекітілген.

Енді 2019 жылдың ортасынан бастап, жазылмайтын науқастар өлімін тездететін препарат сұрауға құқылы. Эфтаназия 18 жасқа толған және жарты жыл ғана өмірі қалған науқастарға қолданылады. Оған 3 рет сұрағаннан кейін демін тоқтататын дәрі беріледі.

Айта кетсек, 1995 жылы да Австралияда эфтаназия туралы заң қабылданып, халық арасында дау туғандықтан, ол 7 айдан кейін өз күшін жойған. Бірақ, содан бері мұндай заңды Канада, Нидерланд және Белгия қабылдаған екен. 

Дэниел Эндрюс, Виктория штатының премьері:

- Бүгін парламентте тарихи күн. Реформа күні, жанашырлық күні. Енді жазылмас дертке шалдығып, өмірінің ақырғы күндерінде бейнеттен арылуды қалаған жандарға көмек көрсетіледі. Мен бұл реформаға себепкер болғанымды және осы заңның қабылдануына өз үлесімді қосқаныма ризамын.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу