Ресей Мемлекеттік Думасына «шетел агенті» деп танылған бұқаралық ақпарат құралдарын жазалау туралы заң жобасы тапсырылды. Оның авторлары бұл заңды өрескел бұзғандарды 5 миллион рубль айыппұл төлеуге мәжбүрлеуді ұсынып отыр. Алайда, адам құқығын қорғаушылардың пікірінше, жаңа ереженің түпкі мақсаты - ақпарат құралдарына қысым жасау.
Айта кетсек, бұған дейін АҚШ Әділет министрлігі Russia Today America телеарнасын агент ретінде тіркеді. Ал, Ресейде «шетел агенттері» деп танылуы мүмкін медиа ұйымдардың ішінде «Азаттық радиосы», «Америка дауысы» радиосы, «CNN» және немістің «Дойче Велле» халықаралық телерадиокомпаниясы бар.
Арыстан РЫСБЕК