Бангладеш билігі жүз мыңдай рохинджа босқынын елсіз аралға жіберу туралы жоспарды мақұлдады. Тенгар Чар атты аралда құрылыс жұмыстарын жүргізуге 278 млн. доллар бөлінбек. Америкалық «CNN» телеарнасының хабарлауынша, бұл аралда су тасқыны жиі болып тұрады. Сондықтан, рохинджаларды қауіпті аралға қоныстандыру шешімі сынға ұшырап отыр. Бангладеш үкіметі болса, Тенгар Чарда арнайы зерттеу жүргізіліп, онда адам тұруға болатыны дәлелденгенін мәлімдеп отыр. Бұл жоспар жүзеге асса, аралда Мьянмадан қашқан мұсылмандарға арналып 1,5 мың барақ пен 120 орталық салынбақ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ