АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы деп мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы деп мәлімдеді

07.12.2017

Бұған қоса, Тель-Авивтегі америкалық елшілік те осы қалаға көшіріледі. Дегенмен, дипломатиялық өкілдікті Иерусалимге ауыстыру бірнеше жылға созылуы мүмкін. Саяси сарапшылар мұндай шешімнің қабылдануын Трамптың сайлау алдында берген уәдесін орындауымен байланыстырады. АҚШ президентінің Иерусалимнің мәртебесін өзгерту туралы жоспары Құрама Штаттардың Таяу Шығыстағы одақтастарының сынына ұшырап отыр. Иордания Трамптың бұл әрекетінің салдары ауыр болатынын ескертті. Палестина автономиясының басшысы әлем лидерлерін бұл жағдайға араласуға үндеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу