Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын өз елін түрлі қаруды көптеп шығаруға шақырды. Оның сөзінше, арсенал санын арттыра отырып, Пхеньян бұл салада өз жауынан басым түсуі тиіс. Мұны бүгін коммунистік мемлекеттің телеарнасы хабарлады.
«Ким қатысқан конференция Солтүстіктің құрлықаралық баллистикалық зымыранды сәтті сынау оқиғасын мадақтау үшін ұйымдастырылды», деп хабарлайды әлем ақпарат құралдары.
Халықаралық санкциялар мен айыптауларға қарамастан, жаңа ракета өткен айда ұшырылды. Жергілікті әскерилердің сөзінше, мұндай зымыранға ядролық оқтұмсық орнатып, Америка Құрама Штаттарына соққы беруге болады.
Арыстан РЫСБЕК