Ливандағы «Хезболла» тобы аймақтағы одақтастарын Израильге қарсы бірлесе күресуге шақырды. Қозғалыс басшысы Сайед Хассан Насралла бұл үшін ортақ стратегия дайындау қажет деп мәлімдеді.
«Хезболла» мұндай үндеуді АҚШ президенті Дональд Трамптың өткен аптада Иерусалимді Израильдің астанасы деп жариялауына байланысты жасап отыр. Құрама Штаттар басшысының сол мәлімдемесі араб елдерінің наразылығына тап болып, үлкен шерулерге себепші болды. Батыс мемлекеттері де Иерусалимнің мәртебесін Израиль мен Палестина автономиясы бірлесе анықтауы тиіс деп есептейді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ