Мьянмада зорлық-зомбылықтардан бір айда кемінде 6700 рохинджа мұсылманы өлтірілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мьянмада зорлық-зомбылықтардан бір айда кемінде 6700 рохинджа мұсылманы өлтірілген

14.12.2017

Мұны бүгін «Эм-си-фи» ұйымы мәлімдеді. Оның зерттеуіне жүгінсек, құрбандардың 730-ы – бала.

Бірақ, бұған дейін Мьянма армиясы 400-дей адам мерт болып, олардың бәрі – террористер деп жариялады.

Гуманитарлық ұйымдардың мәліметінше, рохинджалар тамыздың 25-і мен қыркүйектің 24-і аралығында қырғынға ұшыратылды. Алайда, жергілікті үкімет мұны жоққа шығарып келеді.

Айта кетсек, Мьянманың Ракхайн штатында қауіпсіздік күштері мен буддистердің шабуылдарынан көрші Бангладешке тамыздан бері 647 мыңдай мұсылман қашты.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу