Идлибте әуе соққысынан 19 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Идлибте әуе соққысынан 19 адам қаза тапты

21.12.2017

Сирияның Идлиб провинциясында әуе соққысынан 19 адам қаза тапты. 25-ке жуығы жараланды. Алдын ала болжамдарға қарағанда, шабуылды ресейлік әуе күші жасаған. Бұл туралы «Syrian Observatory for Human Rights» хабарлады. Құрбан болғандардың 7-еуі бала екені анықталды. Әуе соққы Маар-Шурин елді мекеніне қарапайым халыққа тиген.

Айта кетейік, елдің солтүстік-батысында орналасқан Идлиб провинциясы  әлі күнге дейін көтерілісшілер бақылауында болып, қақтығыстардың ең көп болатын жерлерінің бірі болып есептеледі. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу