Қытайдың Хэйлунцзян провинциясында пингвиндерге арналып мұзды қалашық салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Хэйлунцзян провинциясында пингвиндерге арналып мұзды қалашық салынды

21.12.2017

Қытайдың Хэйлунцзян провинциясында пингвиндерге арналып жаңа мұзды қалашық салынды. Күннің суықтығына қарамастан олардың асыр салып ойнағанын көру үшін «Пингвин айландқа» туристермен қатар, жергілікті тұрғындар да көптеп келіп жатыр. Дегенмен, қалашық жұмыскерлерінің айтуынша, пингвиндердің кішкентайлары әлі де биік төбешіктерден сырғанауға қорқады. Ал, туристер болса оларға қарап дән риза. Себебі, олар мұндай көріністі бұрын тек басқа елдерде тамашалай алатын. Жоспар бойынша, пингвиндер мұзды қалашықта қыс бойы тұруы тиіс. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу