Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында биыл 300-ден астам азамат жаңадан кәсіп ашты. Шағын және орта бизнес саласындағы субъектілер саны 36 пайызға ұлғайған.
Өңір тұрғындары мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын көріп, пайдасын білді.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлікке көмек көрсету, тұрғындардың бизнес бастамаларын қолдау - жұмыссыздықты азайтып, ауыл халқының әл-ауқатының артуына септігін тигізіп отыр.