Бұрынғы Югославия жөніндегі трибунал жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұрынғы Югославия жөніндегі трибунал жабылды

22.12.2017

Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Югославия жөніндегі трибуналы жабылды. Осы оқиғаға байланысты Гаагада салтанат өтіп, оған аталған ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерреш қатысты.

24 жылға созылған қызметінде бұл халықаралық әділет органы 10 мың күн бойы тыңдалым өткізіп, 5 мың куәгерге құлақ түрген. Соның нәтижесінде 161 адамға айып тағылып, 83 күдікті сотталды. Түрмеге қамалғандардың 60-ы – этникалық сербтер. Олар негізінен Балқан соғысы кезінде әскери қылмыс жасағаны үшін жазаға тартылды.

Естеріңізге сала кетсек, 1992-1995 жылдары бұрынғы Югославия аумағындағы қарулы қақтығыстардан 100 мыңнан астам адам қаза тауып, 2 миллиондай тұрғын үйлерін тастап кетті.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу