Сербия мен Хорватия арасындағы шекарада жүзден астам мигрант митинг ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сербия мен Хорватия арасындағы шекарада жүзден астам мигрант митинг ұйымдастырды

27.12.2017

Олар сол жерге жеңіл палаткалар тіккен. Наразылық акциясы арқылы мигранттар алдымен Хорватияға өтіп, одан кейін Еуропа Одағына баруға жол ашуды талап етті. Хорват полициясы митингке шыққандарды, оның ішінде әйелдер мен балалардың жолын бөгеген. Ешқандай оқыс оқиға болған жоқ. Ресми деректерге сай, Сербиядағы лагерьлерде 4500-дай мигрант тұрып жатыр. Дегенмен, олардың бұл елде қалғылары келмейді.

Ахмед, ирандық мигрант:

- Өле-өлгенше осы жерден ешқайда тарамаймыз. Мүмкін олар шекараны ашып, бізге әрі қарай өтуге мүмкіндік берер. Сербиядан кеткіміз келеді. Себебі, бұл елден біз мүлде қолдау таппадық.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу