Кабулдегі жарылыстан кемінде 40 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулдегі жарылыстан кемінде 40 адам қаза тапты

28.12.2017

Бүгін Кабулдегі «Ауғанстан дауысы» ақпарат агенттігі мен шииттердің мәдени орталығына жанкешті шабуыл жасады. Соңғы мәліметке қарағанда, алапат жарылыстан кемінде 40 адам қаза тапты. Жараланғандардың саны 30-ға жетіп отыр. Жалпы алғанда, екі ұйымның кеңсесі орналасқан ғимаратта үш бомба іске қосылса керек. Шабуылды кім ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Тәліптер оны өз мойнына алған жоқ.

Аталған мекемеде ашылған форумға журналистер мен студенттер жиналған. Жарылыс кезінде олар Кеңес одағының Ауғанстанға басып кіруінің 38 жылдығын еске алу рәсімін өткізіп жатты. Айта кетсек, негізінен сүнниттер тұратын бұл мемлекет аумағында кейінгі айларда «ДАИШ» тобы бірнеше шабуыл ұйымдастырды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу