Токио биржасы 2017 жылдың саудасын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токио биржасы 2017 жылдың саудасын аяқтады

29.12.2017

Токио қор биржасы 2017 жылдың жұмысын аяқтады. Соны атап өтіп үшін сауда алаңына инвесторлар мен түрлі компаниялардың басшылары жиналды. Бірақ, акциялар құны жылдың ақырғы жұмыс күні біршама түскен. Мәселен, «Nikkei» индексі 19,4 пунктке төмендесе, «TOPIX» 1,47 пункт жоғалтты. Айта кету керек, бұл екі индекс жүздеген компания акцияларының орташа бағамын көрсетеді. Дегенмен, жылдық есеппен алғанда олар 19-20 пайызға көтерілді. Бұған елдегі саяси тұрақтылық, Жапония банкінің тым жеңіл ақша саясаты және әлем экономикасының күшеюі себепші.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу