Иранның танкері қытайлық кемеге соғылып, 32 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранның танкері қытайлық кемеге соғылып, 32 адам қаза тапты

08.01.2018

Қытайдың шығыс жағалауында Иранның танкері қытайлық кемеге соғылып, 32 адам қаза тапты. Бұл туралы «IRNA» агенттігі хабарлап отыр. Оқиға Шанхай қаласының маңында жергілікті уақытпен кешкі сағат 8-де болған. Әуелде олар із-түзсіз жоғалды деген ақпар тараған еді. Соңғы деректерге сүйенсек, танкерге Иранның Ұлттық мұнай компаниясының 60 миллион долларлық 136 мың тонна мұнайы тиелген. Ол қатты соққыдан лапылдап өртеніп, жанып кетті. Құрбан болғандардың 30-ы Иран азаматы, ал екеуі Бангладеш тумасы екені анықталды.

Айта кетсек, ирандық мұнай танкерінің қатысуымен бірінші рет осындай ірі апаттық жағдай тіркеліп отыр. Себебі, оларға 2016 жылдың басынан бері  ғана экспортқа тыйым салатын халықаралық санкциялар жойылған. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу