Ракетаның ұшырылған сәті тікелей эфирден көрсетілді. Ол жергілікті уақытпен кешкі сағат 8-де Флорида штатындағы Канаверал айлағынан көкке самғаған. Әзірге спутниктің қандай міндеттер атқаратыны белгісіз. Соңғы деректер бойынша, зымыран ұшырылғаннан кейін 8 минут өткенде, жерсерік арнайы алаңға қондырылды.
Осылайша, Space X Жаңа жылды сәтті бастап отыр. Болжамдарға қарағанда, жекеменшік компания бұл стартты АҚШ үкіметінің мүддесі үшін жүзеге асырса керек.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ