Пхеньян мен Сеул арасындағы келіссөздердің бірінші раунды екі көршілес мемлекет шекарасындағы Пханмунджомда бүгін басталды. Мұны Корея Республикасының Бірігу істері бойынша министрлігі мәлімдеді. 2015 жылдан бергі алғашқы кездесудің басты тақырыбы - екі елдің қатынастарын жақсартуға бағытталған іс-шаралар, оның ішінде Солтүстік Корея спортшыларының Пхенчханда өтетін Қысқы Олимпиадаға қатысуы мәселелері. Екі тараптан келіссөздерге 5 адамнан қатысады. Оңтүстік Корея делегациясын Бірігу істері бойынша министр, ал, Солтүстік Корея өкілдерін Кореяның Бейбіт түрде бірігуі бойынша комитеті төрағасы бастап барған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ