Бұл турасында АҚШ-тың геологиялық қызметі хабарлап отыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, дүмпу ошағы Барра-Патука елді мекенінің солтүстік-шығысына қарай шамамен 200 шақырым қашықтықта анықталған.
Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жергілікті сейсмологтардың хабарлауынша, алдағы күндері теңізде толқындар 1 метрге жетіп, цунами көтерілуі ықтимал.
Кейбір деректерге қарағанда, осындай дүмпулер Мексиканың Кинтана-Роо штатында да байқалды.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ