Астронавт жалған сөзі үшін кешірім сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астронавт жалған сөзі үшін кешірім сұрады

10.01.2018

 

Жапон астронавты Норисигэ Канаи «ғарышта үш аптада 9 сантиметрге өстім» деп жалған сөйлегені үшін кешірім сұрады.

 

Ол өз бойының осынша ұзарғанын «Твиттерде» жазған. Бұл хабарлама  көпшілікті бей-жай қалдырмады.

 

Ал, шындығында ғарышкер небәрі 2 сантиметрге өскен. Қайта өлшенгеннен кейін Канаи қателескенін мойындады.

 

Әдетте салмақсыздықта адамның омыртқасы ұзарып, бойы 2-3 сантиметрге өседі. Ал, Жерге оралғанда қалпына келеді.

 

Айта кету керек, бұл - Норисигэ Канаидің ғарышқа алғашқы сапары. Жапониялық астронавт орбиталық станцияда алты айға жуық болады.  

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу