Лас-Вегаста технологиялық көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лас-Вегаста технологиялық көрме ашылды

10.01.2018

 

Лас-Вегаста әлемдегі ең ірі технологиялық көрме қалың көпшілік үшін есігін айқара ашты. Онда дүниежүзінің танымал компаниялары өзінің 2018 жылға арналған 20 мыңнан астам жаңа өнімдерін жұртшылық назарына ұсынып отыр.

 

Әйгілі фирмалардың ішінде «LG Electronics», «Sony», «Google», «Apple»,  «Lenovo», «Amazon» бар.

 

Жалпы алғанда, бұл шараға дүниежүзінің 120 елінен  4 мыңдай компания қатысады. Ал, келушілер смартфондар мен планшеттердің, автомобильдер мен түрлі гаджеттердің, роботтар мен дрондардың озық үлгілерін тамашалай алады.

 

Лекси Саввидес, «SEC» көрмесінің бас сарапшысы:

Бұл электрондық көрме - тұтынушылық технология күнтізбесіндегі ең айтулы шаралардың бірі. Ол жыл сайын қаңтарда Лас-Вегасте өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген ондаған мың адамды смарт-өнімдермен таныстырады. Биылғы жылдың басты жаңалықтарының біріжасанды интеллект пен дауыс көмекшісіСонымен қатар, мұнда теледидарлар мен тоңазытқыштарға орнататын сөйлеуші құралдарды да көруге болады.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу