Түркияда жолаушылар ұшағы ұшу-қону алаңынан тайып кетіп, теңізге құлай жаздады. «Боингтың» бортында 168 адам болған. Олардың арасында үлкен байбалам басталды.
Лайнер Анкарадан шығып Трабзонға жеткенде осындай жағдайға ұшырады. Ол жолдан шыққаннан кейін Қара теңізге түсіп кетуге шақ қалған. Дегенмен, ешкім зардап шеккен жоқ. Жолаушылар дереу қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Арыстан РЫСБЕК