Телефонды радиотолқынмен зарядтайтын күн алыс емес тәрізді. Мұндай сымсыз құралдар биылғы жылдың үшінші тоқсанында-ақ саудаға түспек.
Ол смартфондарға энергияны ауамен жібереді. Яғни, жаңа чип әуеден қуат алады да, сол қуатты датчикпен телефон батареясына жөнелтеді.
Бұл құрал Лас-Вегаста өтіп жатқан технологиялық көрмеде көрсетілді. Мамандардың сөзінше, жаңа чип жыл соңына қарай дүкендерде 50 долларға сатыла бастауы мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК