Бағдадта екі жарылыстан 38 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағдадта екі жарылыстан 38 адам қаза тапты

15.01.2018

Ирак астанасы Бағдад орталығындағы базар маңында жойқын жарылыс болып, 38 адам қаза тапты. Ал, жараланғандар саны 105-ке жетіп отыр. Жанкештілер бомбаларды Тайран деген алаңда таңғы қарбалас шақта іске қосқан. Осы уақытта мұнда жұмыс іздеушілер көп жиналады екен.

Әзірге шабуылдарды ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ. Бірақ, олардың жасалу тәсілі «ДАИШ»-тың қастандық әрекеттеріне көбірек ұқсайды.

Жарылыстар жергілікті халықты қатты үрейлендірді. Өйткені, елде «ДАИШ» талқандалғалы, мұндай оқиғалардың саны айтарлықтай азайған еді.

Айта кетсек, осыған дейін Ирак пен АҚШ үкіметтері бұл экстремистік топ жеңілсе де, күресті доғармайтынын ескерткен-ді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу