Бельгияда тұрғын үй жарылысынан 5 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда тұрғын үй жарылысынан 5 адам жараланды

16.01.2018

Бельгияның Антверпен қаласында тұрғын үйде жойқын жаралыс болып, кемінде 5 адам жараланды. Үшеуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Зардап шеккендердің біреуі ауыр халде госпитальда жатыр.

Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, күшті дүмпу студенттер көптеп тұратын Паарденмаркт ауданында болған. Жарылыстан жақын маңдағы мейрамханалар мен дүкендер де зардап шекті.

Полицияның болжамы бойынша, апатқа газ баллонының жарылуы себеп болуы мүмкін. Олардың сөзінше, бұл теракт емес.

Соңғы деректер бойынша, құтқарушылар үйдің астынан адамдарды іздеу операциясын жалғастырып жатыр. Оқиға орны қоршауға алынып, тергеу басталды.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу