Аустралияда дрон суға батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аустралияда дрон суға батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып алды

18.01.2018

Мұндай оқиға әлемде алғаш рет болып отыр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, теңіз сақшылары 15 және 17 жастағы екі балаға дронмен ішіне ауа толтырылған құтқарушы құралын жіберген. Оған қолдары жеткенде, жасөспірімдер жағалауға қарай жүзи бастаған. Оқушылар жағадан 700 метр ұзағанда, алып толқын көтерілген екен. Сондықтан, олар кері қайта алмай, құрдымға кетіп қала жаздады.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу