Швейцарияның Цюрих қаласында мыңдаған адам шеруге шығып, АҚШ президенті Дональд Трампқа наразылық білдірді. Айта кетсек, Ақ үй басшысы осы елде өтетін Давос экономикалық форумына қатысуды жоспарлап отыр. Трамп онда қаңтардың 26-сында сөз сөйлеуі тиіс.
Сонымен қатар, анти-капиталистер форумның өзі де жойылсын деген ұрандар көтерді.
Әлемнің бизнес пен саяси элитасы жиналатын конференцияда дүниежүзі үшін өзекті мәселелер талқыланады. Оның қауіпсіздігін 4 мыңдай жауынгер мен мың шақты полицей қадағаламақ. Сондай-ақ, Давос аспаны ұшуға болмайтын аймақ деп жарияланып отыр.
Арыстан РЫСБЕК