Қытайдың шығысында жоғары жылдамдықты пойызынан өрт шықты. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, оқиға Аньхой провинциясының Чанчжоу қаласында болды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Ондаған өрт сөндіруші тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтап үлгерген. Апаттық жағдайға байланысты өңірде темір жол қатынасы тежеліп, пойыздар кешігіп шықты. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, вокзалдарда жүздеген жолаушы әбігерге түсіп, діттеген жеріне бара алмай қалды. Соңғы деректерге қарағанда лаулаған жалынның шығуына электр жабдықтарының істен шығуы себеп болуы мүмкін. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ