Бүгін Кабулде әскери академия базасына шабуыл жасалып, 2 сарбаз қаза тапты. 10-нан астам жауынгер түрлі деңгейде жараланған. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, бұл қастандықты «ДАИШ» тобы ұйымдастырды.
Ал, осыдан екі күн бұрын Кабулде жанкештілер екі жедел жәрдем көлігін жарып, 103-тен астам адамды мерт қылды. Сол шабуылдардан жараланғандар саны 235-ке жуықтап отыр. Бомбалар Ішкі істер министрлігі мен Еуропалық одақ өкілдігі кеңселерінің маңында іске қосылған. Ол жарылыстар үшін жауапкершілікті «Талибан» қозғалысы өз мойнына алды.
Айта кетсек, тәліптер көп жылдан бері Батысқа сүйенген үкіметті құлатып, елден НАТО мен АҚШ әскерін шығаруға күш салып келеді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ