Олар «Қара қаршыға» деп аталады. Бұл әуе машиналары елді «ДАИШ»-тан төнген қауіптен қорғау үшін қажет.
Тікұшақтарды қабылдау рәсімі Зарқа деген қала маңындағы әуе базасында өтіп, оған Американың және жергілікті әскерилер қатысты. Осылайша, Иорданияда мұндай маркалы техниканың жалпы саны 12-ге жетіп отыр.
Айта кетсек, Сирияда 2011 жылы соғыс басталғалы, Вашингтон бұл корольдіктің шекарасын қарулы топтардан қорғау үшін миллиондаған доллар қаражат жұмсады.
Арыстан РЫСБЕК