Ресей ұшақтары Идлибке әуеден соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей ұшақтары Идлибке әуеден соққы берді

05.02.2018

Сирияның Идлиб қаласында түні бойы құтқару операциясы жүргізілді. Өйткені, Ресей ұшақтары бұл провинцияда оппозиция бекіністеріне соққы беру операцияларын үдетіп отыр. Сонымен қатар, авиациялық шабуылдарға осы провинцияның Карф Нубл, Маасран, Саракиб, Маарат әл-Нуман қалалары да ұшырады. Әзірге үйінділер астынан 6 адамның денесі шығарылған. Айта кетсек, сенбі күні осы аймақта көтерілісшілер Ресейдің Су-25 ұшағын атып түсіріп, оның секіріп кеткен пилотын мерт қылды. Оппозиция жақтастары Ресей армиясын басқыншы деп атап, оны 2015 жылдан бері Сирияда мыңдаған бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыптап келеді. Алайда, Мәскеу мұны жоққа шығарып, тек жиһадшыларды бомбалағанын мәлімдеп отыр.

Тағы бір мәліметке жүгінсек, Ресей ұшағы құлатылған аудан - Түркия мен АҚШ қаруландырған оппозициялық күштердің бақылауында.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу