Әлем нарығында мұнай бағасы күрт төмендеді. Оған доллардың күшеюіне байланысты инвесторлардың осы шикізатты көбірек сата бастауы себепші. Ал, Америка валютасының нығая түсуіне жалақының өсуі түрткі болып отыр.
Соңғы мәліметке қарағанда, Brent маркалы мұнайдың құны 1 пайызға немесе 67 доллар 91 центке арзандады. Ал, өткен аптада ол 3 пайызға жуық жоғалтқан. WTI сұрыбының нарығы болса, 64 доллар 73 центке дейін түсті.
Арыстан РЫСБЕК