Солтүстік Кореяның олимпиадалық делегациясын Оңтүстік Кореяға елдің ресми басшысы бастап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяның олимпиадалық делегациясын Оңтүстік Кореяға елдің ресми басшысы бастап барады

05.02.2018

Парламент жетекшісі Ким Ён Намның көрші мемлекетке аттанатынын осыдан бірнеше сағат бұрын Корея үкіметінің өкілдері хабарлады. Жалпы, Пхеньян Пхенчханға үш ірі шенеунікті 18 көмекшісімен жібермек.

Оңтүстік Корея болса, Ақ Олимпиада қарсаңында елге 36 мың шетел азаматының кіруіне тыйым салып отыр. Жергілікті ақпарат агенттігі «Yonhap»-тың хабарлауынша, мұндай шешім ойындар кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтіп, терроризммен күрес жүргізу мақсатында қабылданып отыр. Ал, Олимпиада алауы Оңтүстік Кореяның ең жоғары жағында орналасқан Тхэбэк қаласына  жетті. Эстафетаға бас-аяғы 7500 адам қатысты. Айта кетсек, төрт жылда бір келетін Қысқы Олимпиада ойындары Пхенчханда ақпанның 9-ы мен 25-і аралығында өтеді.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу