Әлем биржалары триллиондаған доллар жоғалтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем биржалары триллиондаған доллар жоғалтты

07.02.2018

Соңғы 4 күнде әлем биржалары 4 триллион доллар жоғалтты. Оған инвесторлардың акцияларды жаппай сатуы себепші. Сейсенбі күні хабарлағанымыздай, АҚШ, Жапония, Еуропа қор нарықтарында құнды қағаздардың орташа бағасын көрсететін индекстер күрт төмендеді. Мәселен, Американың «Доу-Джонсы» мен Жапонияның «Никкейі» бірден 4-5 пайызға құлдырады. Сонымен қатар, мұнай мен металл бағасы айтарлықтай түсті.

Дүниежүзі қаржы нарығының мұндай тұрақсыздыққа ұшырауына АҚШ Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені көтеріп, долларды қымбаттады деген қауіп себепші. Яғни, инвесторлар көңілі кейінгі күндері Америка валютасына көбірек ауды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу