Израильде африкалық заңсыз мигранттарды депортациялау науқаны басталды. Олардың 20 мыңына елден кету туралы ескерту табысталған. Үшінші мемлекетке барамын дегендерге қолма-қол ақша мен жол билеті беріледі. Бұл шараны жүзеге асыру үшін үкімет иммиграциялық агенттіктерге жүгініп отыр.
37 мың африкалықты елден күшпен шығару моральдық тұрғыдан оңай емес. Либералдардың ойынша, нацистерден қуғын-сүргін көріп, 1948 жылы Израильді құрған еврейлер мигранттарды аяуы тиіс. Дегенмен, әсіре-оңшыл үкімет оларды депортациялауға мәжбүр. Өйткені, ұлтшылардың талабы сондай. Сонымен қатар, африкалықтарды кіргізбеу үшін Израиль соңғы жылдары Мысырмен арадағы шекараға қабырға тұрғызып жатыр.
Израильге пана іздеп барғандардың көбі – эритреялықтар мен судандықтар.
Адидрори Аврахам, «Assaf» босқындар ұйымының координаторы:
- Бұл адамдардың негізгі бөлігі – Эритрея мен Суданнан. Дәл осы екі мемлекетте адам құқықтары жиі бұзылады, азаматтарды азаптау тәжірибесі қолданылады. Сондықтан, бұл мигранттар халықаралық деңгейде және Израильде де қорғалуға лайықты.
Арыстан РЫСБЕК