Мұнай бағасы 6 күннен бері арзандап келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы 6 күннен бері арзандап келеді

09.02.2018

Әлемде мұнай бағасы алты күннен бері құлдырап барады. Бұған биржаларда акциялардың арзандауы мен инвесторлардың үрейін ұшырған инфляция қаупі себепші. Сонымен қатар, шикізат бағасының күрт түсуіне Иранның алдағы төрт жылда өндірісті арттырып, күніне 700 мың баррель шығару ниеті түрткі болып отыр.

Бүгін «Brent» маркалы мұнайдың құны 1,1 пайызға арзандап, оның бір бөшкесі 64,43 долларға сатылды. Бұл - желтоқсанның 20-сынан бергі ең төменгі баға. Ал, «WTI» cұрыбының нарқы 54 центке немесе 1 пайызға төмендеп, ол 60,61 долларға саудаланды.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу