Сауд Арабиясы Брюссельдің бас мешітінен басшылық етуден бас тартуға келісті. Бұл турасында екі елдің Сыртқы істер министрлері уағдаласқан. Осылайша, Саудия әлемге консервативтік исламды, радикализмді, салафизмді таратуды тоқтатуға тағы бір қадам жасап отыр. Сондай-ақ, Бельгия иммиграция министірі Тео Франкен осы мешітте 13 жыл қызмет еткен бас имамды жұмыстан босатуды талап етіп отыр. Алайда, сот бұл шағымды қабылдамады.
Брюссель алып мешітті Әр-Риядқа 1969 жылы жалға беріп, есесіне Сауд Арабиясынан мұнайды арзан бағамен алып келді.
Айта кетсек, кейінгі кездері Саудия дүниежүзінде экстремистік және радикалдық идеяларды дәріптейтін мешіттер мен медреселерді қолдауды доғара бастады. Алайда, Әр-Рияд мұны әзірге көпшілікке ашық жарияламай отыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ