Саакашвили Украинаға оралатынын ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саакашвили Украинаға оралатынын ескертті

13.02.2018

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Украинаға қайтсе де оралатынын мәлімдеді. Ол Киевке қайтудың әдісін табатынын ескертті.

Қазір Саакашвили Польша астанасы Варшавадағы қонақ үйлердің бірінде. Ол отельге қатаң күзет қойылған. Ал, адвокаттары грузиялық саясаткердің Украинада ұрланғаны туралы полицияға шағым түсірді.

Одесса облысының экс-губернаторы кейінгі кездері президент Петр Порошенконы жиі сынады.

Михаил Саакашвили дүйсенбі күні кешкісін Киевтің «Сулугуни» ресторанында тұтқындалды. Содан кейін қауіпсіздік күштері оппозиционерді Украина астанасының «Борисполь» әуежайына жеткізіп, Варшаваға депортациялаған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу