Бұл рәсім Вашингтондағы Ұлттық портреттік галереяда өтті. Оған Стивен Спилберг пен Том Хэнкс та шақырылған.
Обама болса, өзінің портретін салған Кехиндэ Уайлимен әзілдесіп, картинада құлақтарының тым үлкен болып шыққанын және ақ шаштарының көрініп қалғанына көңілі толмағанын айтып кетті. Обама әйелінің суретін салған Эми Шералдтың жұмысын мақтап, онда жарының әдемілігі керемет бейнеленген деп пікірін білдірді.
Бұл картиналар президенттік портреттер коллекциясына кіріп, галереяда сақталмақ. Обаманың сөзінше, олар ресми түрде алғаш рет көркем суретте бейнеленіп отыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ