Жүк көліктерінің жүргізушілері ереуілге шығып, Буэнос-Айрес көшелеріндегі қозғалысты тежеді. Олар президенттің қаржылық дағдарысты еңсеру мақсатында тасымалдау мен газ субсидияларын қысқарту жоспарына наразы. Өйткені, осы реформаның кесірінен коммуналдық қызмет пен жолақы қымбаттап кеткен.
«Егер де Президент бұл бағытын өзгертпесе, келесі айда барлық жолдарды бөгеп, мемлекеттің ең басты экспорты – бидай мен соя тасымалдауларына кедергі жасаймыз», - дейді ереуілшілер.
Томирис АБИШЕВА