Алдағы 5 жылда бүктелетін телефон пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы 5 жылда бүктелетін телефон пайда болады

28.02.2018

Әлемде алдағы 5 жылда бүктелетін телефон пайда болады. Бұл турасында Graphene Flagship компаниясы мәлімдеді. Ерекше нұсқаның жобасын жасауға 23 елдің 150-ге жуық ғалымы атсалысқан. Олардың сөзінше, жаңа смартфон темірден қатты, қағаздан жұқа, оңай майысатын және жеңіл материалдан жасалмақ. Бұл турасында Германияның Аахен университетінің зерттеушілері Барселонада өтіп жатқан Дүниежүзілік мобильдік конгрессте айтты.

Болжамдарға қарағанда, бүктелетін телефон құрастыру жұмысы 2023 жылы аяқталады.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ     

Хабарламаларға жазылу