Францияның орталық бөліктерінде ауа температурасы 18 градусқа дейін төмендеді. Сондықтан, екі жылдан бері алғаш рет өзен-көлдердің суы қатып қалған. Бұл жайт жергілікті балықшыларды қуантып отырған тәрізді. Оған дәлел - бүгінде мұз үстінде қармақ ұстап отырған әуесқойлар мен кәсіпқойлардың қарасы көбейген. Оларға Оверньдегі Гури көлінде форель және лосось тәрізді балықтың сан алуан түрі кездесіп отыр. Ал, жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, биыл балық аулауға 500-ден астам лицензия сатылыпты.
Мадина РАХЫМБЕК