Сирияда ұшақ апатынан қаза тапқан ресейлік әскерилердің туған-туыстарына көмек көрсетіледі. Мұндай мәлімдемені бүгін Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев жасады. Ол басқаратын аймақтан екі жауынгер мерт болған.
АН-26 ұшағы өткен тәулікте Сирияның Хмеймим аэродромына қонарда құлап, 39 адам мерт болды. Құрбандардың ішінде 1 генерал-майор мен 27 офицер бар. Апатқа техникалық ақау себеп болса керек.
Арыстан РЫСБЕК