Ұлыбританияда жүйкені зақымдайтын заттың қаупіне байланысты адамдарға киімдерін жууға кеңес берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда жүйкені зақымдайтын заттың қаупіне байланысты адамдарға киімдерін жууға кеңес берілді

12.03.2018

Ұлыбританияның Солбери қаласының жүздеген тұрғынына жүйкені зақымдайтын зат қауіп төндіруі мүмкін. Құрамы белгісіз бұл элементтен таяуда ресейлік бұрынғы полковник Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия уланған болатын. Сондықтан, жергілікті билік қазір Zizzi немесе The Mill пабына барған азаматтарға киімдерін жууға кеңес беріп отыр.

Скрипаль мен оның қызы әлі ауыр халде жатыр. Ал, қалаға химиялық шабуылдан қорғау әскері тартылды. Қазір мамандар мұнда алты нысанда жұмыс істеп жатыр.

Қауіпті заттың іздері Zizzi мейрамханасында Скрипаль мен Юлия тамақтанған үстелден және оның жанынан табылған.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу