Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Трамппен кездескеннен кейін Оңтүстік Кореямен бейбіт келісімге қол қойғысы келеді. Мұны бүгін Кореяның «Дон-А-Илбо» газетіне сілтеме жасап, «Блумберг» агенттігі хабарлады.
Аталған басылымның дерегінше, Ким Чен Ын Америка президентімен жүздесуде дипломатиялық байланыс орнату, ядролық қарудан бас тарту мәселелерін де көтермек.
Дональд Трамп Киммен кездесуге өткен аптада келісім берді. Шамамен мамыр айына жоспарланған саммиттің қайда ұйымдастырылатыны әзірге белгісіз.
Арыстан РЫСБЕК